{metadescription}
Баянауылда өрт шығып, 30 гектар жер жанып кетті

Баянауылда өрт шығып, 30 гектар жер жанып кетті

Баянауылдың Қаратомар ауылы маңында дала өрті болды. Тілсіз жау мемлекеттік орман қорына зиянын тигізген жоқ.

Баянауыл ауданына қарасты Қаратомар ауылы маңында дала өрті шығып, жайылымдық жерлерді жайпап кетті.

«Өрт орнына төтенше жағдай департаментінің күштері мен құралдары, оның ішінде спутниктік терминал, Қаратомар, Құндыкөл, Жаңатілек ауылдарының өрт сөндіру бекеттері, ерікті өрт сөндіру құрылымдары, Баянауыл ұлттық паркінің қызметкерлері дереу жіберілді. Өрт мемлекеттік орман қорына ешбір қауіп төндірген жоқ. Тілсіз жау 3 сағат ішінде сөндіріліп, жалпы ауданы 30 гектар аумақты күйік шалғаны анықталды. Өрт сөндіру жұмыстарына барлығы 6 техника мен 18 адам, сондай-ақ авиаборт тартылды», - деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде