{metadescription}
Жолаушылар автобусы аударылды: қаза тапқандар бар

Жолаушылар автобусы аударылды: қаза тапқандар бар

Түркияның орталығындағы Ақсарай провинциясында қалааралық автобус аударылып қалды. Оқиға салдарынан 7 адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды.

Ақсарай провинциясының губернаторы Мехмет Али Кумбузоглу атап өткендей, автобус апаты қаладан 25 шақырым жерде болған.

Оның айтуынша, оқиға орнында тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта құзырлы органдар зардап шеккендердің кейбірінің мәйітін анықтап жатыр. Кейбір зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Медициналық көмекке мұқтаж барлық жолаушылар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Анкара-Ақсарай жол бағыты қосымша қауіпсіздік үшін уақытша жабылды. 

Жалпы Түркия жолдарының қауіптілігі жоғары. Ресми деректерге сәйкес, 2023 жылы елде жол-көлік оқиғасы салдарынан 6548 адам қайтыс болған. Жолаушылар автобусының оқиғасы елдегі жол қауіпсіздігін жақсарту және жол қозғалысын қадағалауды күшейту қажеттігін тағы бір мәрте көрсетті.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.