{metadescription}
Бүгін футболдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің үшінші туры басталады

Бүгін футболдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің үшінші туры басталады

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің үшінші туры басталады.

Аталған турнирде биыл алғаш рет 36 команда бақ сынап жатыр. Дүбірлі доп додасында командалар жаңадан әзірленген нұсқа бойынша сайысқа түседі. Алдымен 21.35-те Италияның «Милан» командасы өз алаңында Бельгияның «Брюгге» клубымен шеберлік байқасады. Артынша 23:50-де «Реал Мадрид» (Испания) пен «Брюгге» (Бельгия) жасыл алаңға шығады. Аталған ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екінші турдың алғашқы ойын күні, 22 қазанда олардан басқа «Монако» (Франция) пен «Црвена Звезда» (Сербия), «Арсенал» (Англия) мен «Шахтер Донецк» (Украина), «Астон Вилла» (Англия) мен «Болонья» (Италия), «Жирона» (Испания) мен «Слован Братислава» (Словакия), «Ювентус» (Италия) пен «Штутгарт» (Германия), ПСЖ (Франция) мен ПСВ (Нидерланд), «Штурм» (Австрия) мен «Спортинг Лиссабон» (Португалия) ойнайды.

Ал екінші ойын күні, 23 қазанда «Аталанта» (Италия) мен «Селтик» (Шотландия), «Барселона» (Испания) мен «Бавария» (Германия) кездеседі. Аталған екі кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ бұл күні «Манчестер Сити» (Англия) мен «Спарта Прага» (Чехия), «Бенфика» (Португалия) мен «Фейеноорд» (Нидерланд), «Атлетико Мадрид» (Испания) пен «Лилль» (Франция), «Янг Бойз» (Швейцария) бен «Интер» (Италия), «Лейпциг» (Германия) пен «Ливерпуль» (Англия), «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) пен «Динамо Загреб» (Хорватия) ойнайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде