{metadescription}
Жаңа жылдан кейін пәтер қымбаттай ма – сарапшы пікірі

Жаңа жылдан кейін пәтер қымбаттай ма – сарапшы пікірі

Қазақстандықтарға баспана жалдау келісімшарттарын онлайн жасау мүмкіндігін ұсыну қажет. «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алтай Күздібаев баспана нарығындағы заңсыздықтарды реттеудің бір жолы осы деп отыр.

«Халық арасында «Жаңа жылға дейін пәтер сатып үлгеріп қалу керек. 1 қаңтардан бастап баспана бағасы қымбаттайды екен», - дейтін әңгіме көп айтылып кетті. Оның үстіне Салық кодексіндегі қосылған құн салығы құрылыс компанияларына да қатысты болатыны, ал бұл үй бағасына тікелей әсер ететіні айтылып жүр. «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Олжас Салықовтан осындай сұрақтармен басы қатып жүрген қазақстандықтарға қандай кеңес беретінін сұрадық.

Сарапшы мұндай байбалам әңгіменің мемлекеттік бағдарламалар арқылы салынатын үйлерге қатысы жоқ екенін айтады, деп жазады kazinform.

«Бірінші кезекте тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасында бүкіл бағалар бекітілгенін ескеру керек. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкілетті орган ретінде ол бағаларды айқындап берген. Мұндай шаралар баспана жалдау ақысын, ипотека төлеген кезде әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған халықтың қалтасына жүк түспесін деп қабылданған. Сондықтан, баспана бағасы туралы айтқанда мемлекеттік бағдарламалар арқылы салынып жатқан үйлердің бағасының өсетінін күтіп отырған жоқпыз. Яғни, бүкіл баға бекітілген. Тіпті құқықтық актілермен регламенттелген. Сәйкесінше бұл жерде тәуекелдер көріп отырған жоқпыз», - дейді ол.

«ҚТК» АҚ өкілі коммерциялық баспана бағасына байланысты болжам айта алмайтынын жеткізді.

«Коммерциялық баспана бағасын сұраныс пен ұсыныстың қатынасы реттейтінін өзіңіз де білесіз. Мемлекет оған қатыспайды. Әрине, құрылыстың өзіндік құнына әсер ететін материалдың бағасы, инфляция сияқты факторларды есепке алу керек. Азаматтардың сатып алу қабілеті де бағаға әсер етеді. Бұл мәселеде әркім өз шамасына қарап шешім қабылдаған дұрыс деп ойлаймын», - дейді Олжас Салықов.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде