{metadescription}
Қарағандыда ер адам 7 млн теңгенің алтынын ұрлап, ломбардқа өткізген

Қарағандыда ер адам 7 млн теңгенің алтынын ұрлап, ломбардқа өткізген

Қарағандылық полицейлер алтын бұйымдарды ұрлаған күдіктіні қолға түсірді.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында аса ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікпен 36 жастағы азамат анықталып, ұсталды.

Күдікті қаладағы жер үйлердің бірінің терезесін сындырып кіріп, ішінен алтын бұйымдар ұрлап әкеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 7 миллион теңге.

«Ұсталған азамат тергеу барысында жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, алтындарды ломбардқа өткізгенін айтты. Айғақ заттар қаладағы ломдардтардың бірінен тәркіленіп алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - делінген Қарағанды ПД хабарламасында.

Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

«Михайлов полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлерінің жеделдігін, кәсібилігін, олардың қиыншылыққа тап болған азаматтарға және олардың жұмысына деген жанашырлығы мен адалдығын атап өткім келеді. Оларға рақмет айтамын», - деді жәбірленуші.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде