{metadescription}
Албанияның бұрынғы президенті сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды

Албанияның бұрынғы президенті сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды

Албанияның бұрынғы президенті және «Бостандық» партиясының негізін қалаушы Илир Мета Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы прокуратураның бұйрығымен ұсталды. Ол ақша жылыстату, сыбайлас жемқорлық пен кірісті жасырды деген күдікке ілінді, деп жазады Euronews.

Тұтқындау кезінде Илир Мета қарсылық көрсетпек болған. Қамау фактісін оның адвокаты растады.

Ол бұған дейін байлығын жасырды және ақша жылыстатты деген күдікпен тергеуде болған. Бұрынғы мемлекет басшысы барлық айыпты жоққа шығарды.

55 жастағы Илир Мета Албанияның солшыл Бостандық партиясының жетекшісі және 2017-2022 жылдар аралығында ел президенті болды. Ол – «клептократиялық режим орнатты» деп айыптайтын премьер-министр Эди Раманың ашық қарсыласы.

Албанияның Демократиялық партиясының басшысы Сали Бериша да өткен жылдың желтоқсан айынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен үйқамақта отыр. Оппозиция Раманы қарсыластарын саяси астарлы қудалады деп айыптайды. Премьер-министр мұны жоққа шығарады.

Бұған дейін Албания астанасында тәртіпсіздіктер мен қақтығыстар болған. Оппозиция премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде