{metadescription}
Алматыда синтетика өндірумен айналысқан есірткі зертханасы анықталды

Алматыда синтетика өндірумен айналысқан есірткі зертханасы анықталды

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері Алматы қаласының Жетісу ауданында жалға алынған жеке үйлердің бірінде есірткі зертханасын жойды, – деп жазды Polisia.kz.

«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жалпы салмағы бір жарым келіден асатын «aльфа-pvp» синтетикалық психотроптық заты табылып, тәркіленді. Күдікті ұсталды. Одан салмағы 100 грамнан асатын «синтетика» тәркіленді. Ер адам есірткіні байланыссыз тәсілмен өткізбек болған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Полиция жыл басынан бері 52 есірткі зертханасын жойды. Заңсыз айналымнан жарты тонна «синтетика» тәркіленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде