{metadescription}
Қытайға жалпы астық экспорты 5,5 есе өсті – Қайрат Төребаев

Қытайға жалпы астық экспорты 5,5 есе өсті – Қайрат Төребаев

Қазақстан Италияға 1 млн тонна бидай жеткізу үшін келіссөз жүргізіп жатыр.

Бұл туралы Үкімет отырысында Cауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты.

«Қазақстанның 2024 жылға арналған астық дақылдары бойынша экспорттық әлеуеті 12 млн тонна, оның ішінде 7-7,5 млн тонна – бидай, 1,3-1,4 млн тонна – арпа, 300 мың тонна – жүгері. Сонымен қатар, майлы дақылдар бойынша әлеует 1 млн тоннадан асады. Орталық Азия мен Ауғанстанға 4,2 млн тонна бидай жеткізіледі деп күтілуде. Өткен жылы Қытайға жалпы астық экспорты 1,43 млн тоннаны құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 5,5 есе өсті. Оның ішінде бидайдың үлесі - 538,8 мың тонна, өткен жылғы көрсеткіштен 15 есе артық. Бұл Қытайға экспорт көлемін 1,6 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, Қытай шекарасындағы кідірістер мен лицензиялау шарттары әлі де шешуді талап етеді», - деді вице-миинстр.

Оның атап өтуінше, жаһандық сұраныстың артуы және өнімділіктің төмендеуіне байланысты Италия, Латвия, Испания сияқты ЕО елдері маңызды нарықтар болып отыр. Қазақстан үшін бидайды Ресей арқылы транзиттеу және Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша шығындарды азайту өзекті. Осы бағыт арқылы Түркия мен Таяу Шығысқа шамамен 1 млн тонна бидай экспорттауға мүмкіндік бар.

«Иранға арпа жеткізуді қалпына келтіру маңызды, сауда және логистика мәселелері шешілуде. Пәкістан, Индонезия, Бразилия және Малайзия нарықтарында қазақстандық бидай брендін ілгерілету жұмыстары жандандырылады. Азық-түлік корпорациясымен бірлесе отырып, экспорттық логистика мен бағалар көрсетілген елдік ұсыныстар әзірленді. Бұл ұсыныстар Қазақстанның 14 тұрақты өкілдігіне жіберіліп, белсенді түрде жұмыс жүргізілуде. Арменияға 600 мың тонна, Италияға 1 млн тонна бидай жөнелту туралы келіссөздер жасалып жатыр. Сонымен қатар, Солтүстік Африка елдеріне 200 мың тонна экспорт бойынша келісімдер жүргізілуде», - деді Қайрат Төребаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде