{metadescription}
Көктемгі егіс науқанын қаржыландыру биыл 1 желтоқсанда басталады

Көктемгі егіс науқанын қаржыландыру биыл 1 желтоқсанда басталады

Үкімет басшысы Олжас Бектенов келесі жылғы егін-егіс қамын биылдан бастау керектігін айтты.

«Дәнді дақылды сақтау мәселесін ерекше назарға алу қажет. Сонымен қатар фитосанитариялық қызмет астық сапасына қатаң бақылау жүргізуі тиіс. Сол сияқты тұқым қорын 100% қамтамасыз ету қажет. Көлік министрлігі «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірге егінді үздіксіз тасымалды ұйымдастырып, вагондармен қамтамасыз етудің нақты кестесін бекітсін. Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізіп, өткізуді қамтамасыз етуге тиіс», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Олжас Бектенов отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемін ұлғайту мәселесін пысықтауды жүктеді.

«Өңір әкімдіктері келесі жылы қолданылатын минералды тыңайтқыштардың көлемін 1,9 млн тоннаға дейін жеткізуі қажет. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі отандық өндірушілермен бірге диқандар үшін тыңайтқыштың қажетті көлемін шығаруға алдын ала қамдануы керек. Өз кезегінде өңір әкімдіктері жеткізу шарттарына уақытылы қол қойып, қоймаларда тыңайтқыштардың қажетті қорын қамтамасыз етсін. Ауыл шаруашылығы министрлігі «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп 1 желтоқсаннан бастап 2025 жылдың көктемгі егіс және егін егу жұмыстарын ерте қаржыландыруды қолға алсын», - дейді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде