{metadescription}
Келесі жылдан бастап такси қызметі өзгереді

Келесі жылдан бастап такси қызметі өзгереді

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха рулі оң жақтағы такси көліктеріне қатысты шектеу енгізілетінін айтты.

«Көлік министрінің тиісті бұйрығы бар, оның аясында рулі оң жақтағы көліктерге жаппай жолаушы тасымалымен айналысуға тыйым салу мәселесі қамтылған. Сонымен қатар тасымалдау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Дегенмен, жеке тасымалдаушылар бұл талаптарды орындамай жатыр. Мәселен, полиция тоқтатқан кезде, жолаушылар осы көліктегі барлық адам туыстары екенін және тойға бара жатқанын, көлік жүргізушісінің такси қызметіне қатысы жоқ екенін айтып, шындықтан жалтарады. Бұл тұрғыда полиция қызметкерлері көлік иесі таксиде жүргенін біле тұра, ештеңе істей алмайды», - деді И. Лепеха Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі Көлік министрлігімен, InDriver және Яндекс агрегаторлармен тиісті меморандумға қол қойған.

«Олар оң рульді және екі есікті көліктерді такси жүйесінде тіркеуден бас тартады. Бұл меморандумдағы талаптар 2025 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді», - деді министрдің орынбасары.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде