{metadescription}
Атырауда із-түзсіз жоғалған 23 жастағы бойжеткенді Жайық өзенінен іздеп жатыр

Атырауда із-түзсіз жоғалған 23 жастағы бойжеткенді Жайық өзенінен іздеп жатыр

Атырауда із-түзсіз жоғалған 23 жастағы бойжеткен әлі табылған жоқ. Оны жергілікті құтқарушылар Жайық өзенінен іздеп жатыр.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, кеше, 22 қазанда полиция департаментінен жоғалған бойжеткенді іздеу туралы шақырту берілген. 

«Жергілікті құтқарушылар жоғалып кеткен бойжеткенді су астынан іздеуге кеше, таңертең сағат 07:00-де кірісті. Іздестіру жұмысы Жайық өзенінің Махамбет ауданындағы Талдыкөл ауылының тұсында жүргізіліп жатыр. Оған жедел-құтқару жасағының 5 құқарушысы мен 2 қайық тартылды», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан. 

Бүгін облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 23 жастағы бойжеткеннің із-түзсіз жоғалуына байланысты екі күдікті ұсталғанын хабарлады. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде