{metadescription}
ТЖМ 4 ұшақ пен 7 тікұшақ сатып алмақ

ТЖМ 4 ұшақ пен 7 тікұшақ сатып алмақ

Еліміз бойынша 121 өрт сөндіру депосын салу қажет.

Бұл туралы Мәжілісте Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты.

«Министрлік бөлімшелерінің материалдық-техникалық жарақтандыру тәсілдері қайта қаралды. Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі жақсартылды. Енді оның салмағы жеңілірек, бұл құтқару жұмыстарын орындауға ыңғайлы. Сапасы жоғарлап, сыртқы факторларға төзімді етіп жасалған. Жыл соңына дейін республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен, сондай-ақ лизинг шеңберінде 728 бірлік арнайы техника, 18 мыңнан астам керекті жабдықтар сатып алынатын болады.

Техниканы бірінші кезекте аудандық бөлімшелердің қажеттіліктері үшін бөлеміз. Алғаш рет 4 ұшақ пен 7 тікұшақты, сондай-ақ, көпқабатты ғимараттардағы өртті сөндіру үшін 2 өртті сөндіру дронын және жедел жағдайды бақылауға арналған 10 ұшқышсыз ұшу аппаратын сатып алу жоспарлануда», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, өрт сөндіру бөлімдерін салу тәсілі қайта қаралды. Тамыз айында елордада жатақханасы бар бірегей өрт сөндіру бекеті ашылды. Ол 3,5 айда заманауи технологияларға сай жылдам салынатын конструкциялардан салынды. Осыған ұқсас «құрылыс генокоды» барлық өңірлерде енгізілетін болады.

«Жалпы, республика бойынша 432 өрт сөндіру бөлімі бар, 121 өрт сөндіру депосын салу қажет. Сондай-ақ, қаржыны үнемдеу есебінен өз күшімізбен өрт сөндіру бөлімдерін жөндеп, аумақты абаттандырудамыз. Мәселен, Ақмола облысында бірегей пилоттық жоба іске қосылды. Ескі өрт сөндіру бекетін жөндегеннен кейін өрт сөндірушілер, дәрігерлер және құтқарушылардан тұратын бөлімше құрылды. Бұл жедел түрде көмек көрсетуді арттырады және адам өмірін уақтылы құтқаруға мүмкіндік береді», - деді Шыңғыс Әрінов.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде