{metadescription}
Бұқтырма су қоймасындағы көпірге апаратын жол екі күнге жабылады

Бұқтырма су қоймасындағы көпірге апаратын жол екі күнге жабылады

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасындағы көпірге апаратын жол екі күн бойы жабық болады.

21 қазан күні Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы Самар мен Күршім аудандарын жалғайтын Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір ашылған болатын. Бұл – еліміздегі ең ұзын көпір. Өткелге 18 шақырым жаңа жол да тартылған.

Бірақ 25 қазаннан бастап көпірге апаратын бұл жол жабылады. Себебі Республика күнінде көпірдің ашылуына арналған мерекелік шаралар өткізіледі.

«Бағдарламаға концерт пен спорттық жарыстар енгізілген. Қазір соған дайындық жасалып жатыр. Алдағы екі күн бойы халық көпірден өту үшін негізгі жолдың бойындағы қара жолмен жүре алады», - деп хабарлады Күршім ауданы әкімдігінен.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде