{metadescription}
Елімізде жүк вагондарын жасау 6 есе ұлғайды

Елімізде жүк вагондарын жасау 6 есе ұлғайды

Қазақстанда жүк және жолаушылар тепловоздары мен электровоздар, рефрижераторлық және жолаушылар вагондары, рельстер мен басқа да теміржол құралдарын шығару көлемі артқан. 

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мәлім етті.

«Темір жол машиналарын жасау өндірісінде жүк вагондарының өндірісі 6 есе ұлғайды, 2024 жылға арналған жоспар 4 мың жүк вагонын жасау. Сонымен қоса отандық өнеркәсіп өнімдерін экспорттаймыз. Оның қатарында жүк және жолаушылар тепловоздары мен электровоздар, рефрижераторлық және жолаушылар вагондары, рельстер мен басқа да теміржол құралдары бар. Мысалы, теміржол рельстері 50%-ға180 мың тоннаға артық өндірілді. Біз рельстермен Қазақстан темір жолы компаниясының қажеттілігін өтейміз, қалған көлемін Өзбекстан, Грузия, Әзірбайжан, Италия және Ұлыбританияға экспорттаймыз», - деді Олжас Сапарбеков орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Министр орынбасарының айтуынша, отандық көлік саласының алдында Транскаспий дәлізі мен Солтүстік-Оңтүстік жүк айналымын дамыта түсу міндеті тұр. 

«Мемлекет басшысы атап өткендей экономиканы дамытудағы «Ең басты міндет – елдің берік өнеркәсіптік құрылымын қалыптастыру, экономикалық өзін-өзі қамтамасыз ету. Сондықтан өңдеу секторының жедел дамуына басты назар аудару қажет. Атап айтқанда, елде бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өңдеу өнеркәсібін құру. Сол арқылы елдің экономикалық-өнеркәсіптік әлеуетін арттыру», - дейді ол. 

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.