{metadescription}
Доллар 1,14 теңгеге арзандады

Доллар 1,14 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,14 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 485,11 теңге.

Ұлттық банктің 24 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 486,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,05 теңге. Еуро – 524,46.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 484,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 486,9 теңге. Еуро 523 - 527 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 484 теңге, сатып алу құны – 488 теңге. Еуро 522 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 4,97 - 5,08 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банк төрағасы осыған дейін жыл басынан бері теңге бағамы 5,8% әлсірегені туралы айтқан болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.