{metadescription}
Елордада жол апаты екі есеге ұлғайған

Елордада жол апаты екі есеге ұлғайған

Елорда прокуратурасы биыл 9 айда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша құқық қорғау және мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен үйлестіру кеңесін өткізді.

«Кеңес отырысында жол апаттарының саны екі есе өскені аталды. Жол апаты салдарынан 1 383 адам жарақат алып, 28 адам қайтыс болған. Оның ішінде 3-і кәмелет жасына толмаған бала бар. Сонымен қатар жиын барысында бағдаршамдардың, жол белгілерінің, жарықтың болмауы тағы сол сияқты бірқатар кемшілік анықталды», - делінген хабарламада. 

Ақпаратта айтылғандай, жол апатының жиілеу себептері – жаяу жүргіншілердің жолдан өту ережелерін сақтамауы, бағдаршамның тыйым салу сигналының талаптарын орындамауы, арақашықтықты сақтамау және жолдың қарсы бағытына шығу.

«Кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға нақты ұсыныстар берілді, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу жөніндегі шаралар кешені әзірленді», - дейді қалалық прокуратурадан. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.