{metadescription}
Қазақстан мен Макао азаматтары енді елге визасыз кіре алады

Қазақстан мен Макао азаматтары енді елге визасыз кіре алады

24 қазанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Макао арнайы әкімшілік ауданының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім өз күшіне енді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді

«Келісім қолданыстағы ұлттық паспорттары бар екі тараптың азаматтарына 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде визасыз бір-бірінің аумағына кедергісіз кіруге, шығуға, транзитпен жүруге және болуға мүмкіндік береді», — делінген хабарламада. 

Алайда, визасыз режим еңбек қызметіне, оқуға және тұрақты тұруға қолданылмайтынын есте ұстаған жөн.

Егер Макао аумағында 14 күннен артық жүруді жоспарласаңыз, тиісті кіру визасын алдын ала рәсімдеу қажет.

Бұл келісім туристік, іскерлік және мәдени байланыстарды дамыту үшін жаңа көкжиектер ашады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.