{metadescription}
185 адамды алдаған БҚО тұрғыны сотталды

185 адамды алдаған БҚО тұрғыны сотталды

Заңсыз қаржы тартып, 185 жәбірленушіге 180 млн астам материалдық шығын келтірген Шыңғырлау ауданының тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

БҚО прокуратурасынан мәлім еткеніндей, аталған тұрғын 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін «Chia Tai Pharmaceutical» қаржы пирамидасына қосылып, оның құрылымдық бөлімшесінде жетекші қызмет атқарған.

Ол фармацевтикалық зауытқа заңды инвестиция саламыз деген жалған желеумен фармацевтикалық кәсіпорын қызметінен жоғары кіріс алуға уәде беріп, салымшылардан заңсыз қаражат тартқан.

«Сотталушының қылмыстық әрекетінің салдарынан 185 жәбірленушіге жалпы сомасы 180 млн астам теңге материалдық шығын келтірілген. Оның қаржылық пирамиданы құру және басқару, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен басқа да

мүлікті заңдастыру бойынша кінәсі толық дәлелденді. Сот мемлекеттік айыптаушының ұстанымымен келісе отырып, сотталушыны ҚР ҚК 217-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару), 218-бабы 2-бөлігі 3-тармағында (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)

өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп тауып, қылмыстық құқық бұзушылықтың жиынтығымен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сонымен қатар ол осы мерзімге қаржы ұйымдарында басшы лауазымдарды атқару және қаржы ұйымының қатысушысы болу құқығынан айырылды. 180 млн теңге шығын жәбірленушілердің

пайдасына толығымен өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енді», - деп хабарлады ведомстводан.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде