{metadescription}
Алматыда мопедке мінгескен жасөспірім көз жұмды

Алматыда мопедке мінгескен жасөспірім көз жұмды

Алматыда мопед тізгіндеген жас жігіттер жол-көлік оқиғасына ұшырады. Салдарынан 16 жастағы жолаушы қайтыс болды.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы бүгін 8.10-да Алматының Алатау ауданында болған. 

«Алғабас» ықшам ауданында Доспанов көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан мопед тізгіндеген 15 жастағы жасөспірім жолда келе жатқан «Шевроле» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан мопед аударылып қалған. Одан кейін соқтығыс салдарынан жол жиегіне құлаған мопедтің 16 жастағы жолаушысын экскаватор қағып кетті. 

«Өкінішке қарай, жасөспірім алған жарақатынан көз жұмды. Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде