{metadescription}
Талғарда изолятордан қашқан күдікті ұсталды – полиция

Талғарда изолятордан қашқан күдікті ұсталды – полиция

Талғар ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен айыпты құрықталды.

Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті К. Тереңқара ауылының шетінде ұсталды. Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды. Сондай-ақ іздеу шараларына қоғам белсенділері мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар атсалысты», - делінген хабарламада. 

Жергілікті полицияның мәліметінше, күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

«Күдіктіге негізгі қылмысынан бөлек қамаудан қашқаны үшін айып тағылады», - дейді құзырлы департаменттен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде