{metadescription}
Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді

Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді

«Медеу» мұз айдынында Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Туды көтеру рәсімі дәстүр бойынша әскери оркестрдің сүйемелдеуімен мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды. Мемлекеттік тудың көлемі 98 шаршы метр болса, биіктігі 40 метр.

Бүгін Алматыда мерекеге орай дрондар шоуы өтеді: сағат 21:00-де Абай алаңында, ал 21:30-да «Астана» алаңында 500-ден астам дрон синхронды түрде көкке көтеріліп, ұлттық мәдениет элементтері мен ел тарихындағы маңызды сәттерді бейнелейтін 3D бейнелер жасайды. 

Оған қоса, сағат 20:00-де Республика күніне орай «Көктөбе» телемұнарасында мерекелік сәулеттік жарықтандыру қосылады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде