{metadescription}
Павлодар облысында трактор мен жеңіл көлік соқтығысты: 11 жастағы қыз комада

Павлодар облысында трактор мен жеңіл көлік соқтығысты: 11 жастағы қыз комада

Павлодар облысындағы тасжолда жол апаты болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қазанда Омбы-Майқапшағай трассасында Аққулы ауылына жақын жерде МТЗ-82 маркалы трактор мен Lada Granta автокөлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш жолаушы зардап шекті. Көліктер айып тұрағына қойылды.

"52 жастағы әйел мен 5 жасар ер бала аудандық ауруханаға жеткізілді. Ал 11 жастағы қызды алдымен аудандық, кейін жағдайының күрт нашарлауына байланысты медициналық авиациямен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, - деді облыстық жедел жәрдемнің баспасөз қызметінде.

Зардап шеккен қызға жабық бас жарақаты, төменгі жақтың ашық сынуы, бірнеше сүйектердің сынуы, ішкі ағзалардың зақымдануы деген диагноздар қойылды.

"11 жасар қыз өте ауыр жағдайда комада жатыр. Тиісті емдік шаралар көрсетіліп жатыр", - деді облыстық балалар ауруханасында.

Айта кетейік, полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша тексерісті бастады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.