{metadescription}
Мемлекет басшысы Аустрия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Аустрия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Аустрияның ықпалдастығы қос халықтың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленге және Аустрия халқына құт-береке тіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде