{metadescription}
Қаскелеңде тұрғын үйден өрт шығып, бір адам ауруханаға түсті

Қаскелеңде тұрғын үйден өрт шығып, бір адам ауруханаға түсті

Алматы облысында өртсөндірушілер 5 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ТЖМ.

"Бүгін Қарасай ауданы Қаскелен қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтер жанды. ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялады. 15 тұрғын өздігінен далаға шықты. Өртсөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді", - делінген хабарламада.

70 шаршы метр алаңда өрт сөндірілген.

"Өрт салдарынан 1957 жылы туған әйел күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде