{metadescription}
Жол апатынан көлік өртеніп, 4 адам көз жұмды

Жол апатынан көлік өртеніп, 4 адам көз жұмды

Атырау-Орал трассасында жеңіл көлік жол апатынан өртеніп кетті. Көлік жүргізушісі мен 3 жолаушы мерт болды.

Атырау облыстық Gолиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы бүгін, 26 қазанда таңғы сағат 06:00 шамасында болған.

«Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері сағат таңғы 04:00 шамасында Атырау-Орал бағытындағы жолда Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатып, жүргізушіге жолда жүру ережесінің талаптарын бұзғаны үшін хаттама толтырды. Көліктің Ресей Федерациясында тіркелгені анықталды. Жүргізушіге түнгі мезгілде сақтық шараларына мұқият болу жөнінде ескерту берді. Алайда, таңғы сағат 06:00 шамасында Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарама-қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатының салдарынан Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жеңіл көлік өртеніп кетті», - деп хабарлады патрульдік полиция ротасының командирі Әділбек Шахметов.

Оның айтуына қарағанда, атағалған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс тіркелген. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Жүргізушілерге өзінің және жолаушылардың өміріне, денсаулығына қауіп төндірмеу үшін түнгі мезгілде алыс сапарға шықпауды ескертеміз. Жол ережесін қатаң сақтау қажет», - деп мәлім етті Әділбек Шахметов.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде