{metadescription}
Фурманов шыңында екі жас турист адасып қалды

Фурманов шыңында екі жас турист адасып қалды

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жас туристерді таудан түсірді.

Алматы облысында 17 жастағы екі жасөспірім биіктігі 3050 метр болатын Фурманов шыңына көтеріліп, адасып қалған. Ұялы телефон арқылы 112 нөміріне қоңырау шалып көмек сұрады.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы Алматы қаласының құтқару қызметімен бірлесіп «Панорама» шыңында құтқару лашығында табылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Жас туристерді қауіпсіз жерге түсіріп, құтқарушылар оларды ата-аналарына тапсырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде