{metadescription}
Ақтөбеде жаңбыр жауғанда асфальт төсеген мердігер себебін түсіндірді

Ақтөбеде жаңбыр жауғанда асфальт төсеген мердігер себебін түсіндірді

Ақтөбе қаласы Марат Оспанов көшесінде жол жөндеп жатқан мердігер жаңбыр күні де жұмысын тоқтатпады.

Олар асфальт жабындысына қажетті қоспаның сол уақытта дайын болғанын, ауа райы болжамында жаңбыр жауатыны көрсетпегенін, 5 жылдық кепілі бар екенін айтты.

Ақтөбе қаласында жол жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Мердігерлер биылғы жоспарды орындау үшін аяз түскенше құрылыс жүргізе бермек. 

«Ақтөбе қаласында 15 көшеге орташа жөндеу жүргізу келісімшарты бар. Жоба келер жылы маусым айында бітеді. Салып жатқан жолға 5 жылдық кепілдік береміз. Жабындысы бүлінсе, үгітілсе, жарылып кетсе өз қаржымызға жөндеп, қалпына келтіреміз. Кеше жаңбыр жауғанда жол салды деп айтып жатыр. Қоспа төселді, каток жүрген кезде жаңбыр жауды. Негізі каток жүрген кезде де су тамшылап тұруы керек. Ол жабысып қалмау үшін қажет. Біз ауа райына қарап тұрамыз. Ол кезде жаңбырдың жауатынын көрсетпеген еді», - деді «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС бас директорының орынбасары, бас мердігер Бөлек Альменбаев.

Ондаған жылдық тәжірибесі бар инженер құрылысшы аязды күні, жаңбыр жауғанда жол салуға болмайтынын айтты. Егер жол сапасы талапқа сай болмаса фрезерлеп, қайта төсейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

26 қазан

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде