{metadescription}
Елорда мен Ертіс-Баян өңірі арасында ұшақ байланысы қайта жанданады

Елорда мен Ертіс-Баян өңірі арасында ұшақ байланысы қайта жанданады

29 қазаннан бастап Павлодар мен Астана қалалары арасында жолаушылар ұшағы қатынай бастайды деп күтіліп отыр, деп жазады kazinform.

Бір аралыққа билет құны - 15 мың теңге. Павлодарлықтар 29 қазаннан бастап елордаға ұшақпен қатынай алады. Рейстерді Scat әуе компаниясы мойнына алып отыр.

- Елордаға әуе кемесімен қатынау бір жолаушы үшін 15 мың теңгені құрайды. Scat әуе компаниясының ұшақтары аптасына үш рет: сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұшады. Атап айтқанда таңертең сағат 9.25-те Астанадан ұшып шықса, сағат 11.25-те Павлодардан кері ұшады. Билеттер қазірдің өзінде сатылымға шығарылды,-деп хабарлады өңірлік жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан.

Қазіргі уақытта Павлодардан ұшақтар тек Алматы қаласына ғана қатынайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

26 қазан

25 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде