{metadescription}
Астанада лифт ішінде қалып қойған 3 адам құтқарылды

Астанада лифт ішінде қалып қойған 3 адам құтқарылды

Елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған көмектесті, деп хабарлайды ТЖМ.

Астана қаласындағы Сарыарқа ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерінің бірінде 3 ересек адам лифт ішінде тұрып қалды. Лифтке жауапты қызметке жүгініп, күтіп тұрған кезде іштегі әйелге ауа тар болып, өзін жайсыз сезіне бастаған соң, 112 нөміріне қоңырау шалды.

Шақыру орнына келген құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, адамдарға шығуға көмектесті. Олар ары қарай медициналық қызметтен бас тартты.

ТЖМ лифтте тұрып қалсаңыз келесі ережелерді еске салады:
1. өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;
2. диспетчерге хабарласыңыз;
3. барлық түймелерді қатарынан баспаңыз;
4. лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз
5. барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

26 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде