{metadescription}
Үш күнде 4 есірткі зертханасы жойылды – ІІМ

Үш күнде 4 есірткі зертханасы жойылды – ІІМ

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті қарқынды жүргізіп келеді. Бұл туралы Polisia.kz. жазды. 

— Үш күн ішінде полиция төрт есірткі зертханасын анықтап, алты адамды ұстады, олардың екеуі шетел азаматы. Сондай-ақ 66 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 13-і сату фактісі және тоғызы сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі, оның ішінде 24 кг «синтетика» және 11 кг марихуана тәркіленді. Аталған қылмыстар бойынша 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл жұмыс жалғасуда, — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

26 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде