{metadescription}
Ұлытау облысында 218 млн теңге мемлекетке қайтарылды — Прокуратура

Ұлытау облысында 218 млн теңге мемлекетке қайтарылды — Прокуратура

Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жоғарылатылған баға бойынша құрылыс жұмыстары қабылданғаны анықталды.

Бұл туралы Ұлытау облысының прокуратурасы мәлім етті

«Прокурорлық тексеру нәтижесінде негізсіз төленген бюджет қаражатының сомасы 218 млн теңге болды. Құқық бұзушылықтар жойылды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан немқұрайлылық үшін Қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша жауапқа тартылды», — делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда аталған сома мемлекет кірісіне өз еркімен қайтарылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде