{metadescription}
Қар көшкіні жүріп, он көлік туннельде қалып қойды

Қар көшкіні жүріп, он көлік туннельде қалып қойды

Қырғызстанның Жалал-Абад облысында қар көшкіні салдарынан туннельдегі 10 көлік қар құрсауында қалды.

Қырғыз Республикасы ТЖМ мәліметінше, Жалал-Абад облысы, Тогуз-Тороу ауданындағы Балықчы – Казарман – Жалал-Абад баламалы тас жолының 346-348 шақырымында қар көшкіні жүріп, он көлікті қар басты.

Қарды тазалауға ТЖМ Жалал-Абад облысы, Тогуз-Тороу ауданына қарасты басқармасы №46 ӨСБ-нің 4 қызметкері мен ІІМ 2 қызметкері, сондай-ақ «China Road» компаниясының 1 жүк тиегіш көлігі жұмылдырылды.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде