{metadescription}

Ауыл шаруашылығы техникасы 76%, теміржол техникасы 55% тозған

Ауыл шаруашылығы бойынша техниканың тозу деңгейі 76%-ға жетті.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты, деп жазады kazinform. Премьердің айтуынша, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту қарқыны іс жүзінде 5%-ға жеткен, ал норма 6-8% болуға тиіс. 

«Биыл біз қолдау шараларын тек отандық ауыл шаруашылығы техникасын шығаруға ғана қайта бағыттадық. Импорттық аналогтарды субсидиялау алынып тасталды. Сондай-ақ, техника лизингінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау кезінде отандық техника үшін айтарлықтай төмен – сараланған тәсіл көзделді. Осы шаралардың барлығы локализациялауды тереңдетуге, шығарылатын техника номенклатурасын кеңейтуге және отандық техника паркін жаңартуды жеделдетуге ықпал етеді», - деді О. Бектенов. 

Теміржол машинасын жасау секторының да даму әлеуеті өте жоғары. Қазіргі таңда аталған салада техниканың тозу деңгейі 55%-ды құрап отыр. 

«Бұған дейін қолжетімді лизингтік қаржыландыру тетігі іске қосылған болатын. Соның арқасында биыл секторда өндіріс көлемі 1,5 есеге өсті. Бірақ, бұл әлі де жеткіліксіз. Тасымалдаушылардың қажеттіліктері толық көлемде және бірінші кезекте отандық техниканың есебінен қамтамасыз етілуге тиіс. Сондықтан жұмыс қарқынын арттырып, дайын өнімдер мен қосалқы бөлшектер шығаратын жаңа жобаларды іске қосу қажет», - деді Үкімет басшысы. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

17 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.