Алматыда Қажымұқан мен Назарбаев көшелері жабылады
Назарбаев даңғылы мен Қажымұқан көшесінің бір бөлігіне жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
21:00 29.10.2024
Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, 30 қазан күні сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін Қажымұқан көшесінің №22-үйінен Назарбаев даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Достық даңғылы мен С. Байжанов көшесі арқылы айналып өтуге болады.
Сондай-ақ 30 қазанда сағат 15:00-ден 23:00-ге дейін Назарбаев даңғылының Қажымұқан көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі учаскесінде қозғалыс шектеледі. Бұл аумақты Қажымұқан, Меңдіқұлов және Достық даңғылдары арқылы айналып өтуге болады.
Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!