{metadescription}
Алматы облысында он төртінші есірткі зертханасы жойылды

Алматы облысында он төртінші есірткі зертханасы жойылды

«Қарасора-2024» жедел профилактикалық шарасы барысында Алматы облысының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Бесағаш ауылының маңында психотроптық заттарды заңсыз өндірген күдіктіні ұстады.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары тоқтатқан көліктің ішінде 22 жастағы жігіт отырды. Тінту барысында одан ерекше иісі, ұнтақ заты бар қара полиэтилен пакет табылып, тәркіленді, деп жазады kazinform.

«Одан әрі жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері күдіктіге тиесілі жалға алынған гаражға тінту жүргізді. Тексеру кезінде 11 пластикалық бөтелке тәркіленді, ол сұйық күйдегі «мефедрон» болып шықты. Сонымен қатар, әртүрлі контейнерлерде, соның ішінде тоңазытқышта сақталған прекурсорлар мен ұнтақ заттар бар екі канистр табылды. Сараптама нәтижелері бойынша алынған зат жалпы салмағы 1 келі 775 грамм «Альфа-PVP» психотроптық заты екені расталды», – деді Алматы облысы Полиция департменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ардақ Қайсаров.

Талғар ауданының полицейлері психотроптық заттарды заңсыз дайындау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.