{metadescription}
«Е-спорт» электрондық жүйесі енгізіледі

«Е-спорт» электрондық жүйесі енгізіледі

«Е-спорт» электрондық жүйесі енгізіледі.

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

«Спортқа бөлінген қаражатты тиімді игеру үшін «Е-спорт» электрондық жүйесін енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүйе спорттық іс-шараларды жоспарлау, қаржыландыру, ұлттық құрамаларды жасақтау және спорттық атақтар беру жұмыстарын цифрландыруға мүмкіндік береді», - деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Премьер-Министр Мәжіліс депутаттарының әлемдегі үздік дамыған спорт институттарын назарға ала отырып, спортшыларды оқытуды ғылыми қамтамасыз етудің тәуелсіз институтын құру ұсынысының орынды екендігін атап өтеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласында ұлттық университеттің құрылысы жүргізіліп жатыр. Университет құрылысы 2025 жылдың соңына дейін аяқталып, оның базасында жаттықтырушыларды, нұсқаушыларды және спорт дәрігерлерін дайындайтын тәуелсіз ғылыми институт құру жоспарланып отыр. Жаңа заң жобасы («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болдырмау туралы» заң жобасы) күшіне енгеннен кейін 2023-2029 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдасына өзгерістер енгізіліп, іс-шаралар жоспары бекітілетін болады. Бұл жоспар спорттың дамуын нақты көрсеткіштер арқылы бағалауға мүмкіндік береді»,- деді Үкімет басшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде