{metadescription}
Мәжіліс Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңды қабылдады

Мәжіліс Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңды қабылдады

Мәжілісте Ұлттық қордан 2025–2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы қабылданды.

«Сіздердің қарауларыңызға «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы енгізіледі. Заң жобасы бюджет кодексінің ережелері негізінде әзірленді. Бұл ретте, кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджеттік қағидаларға сәйкес анықталған», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Мәжілістің жалпы отырысында. 

Ұлттық экономика министрінің мәліметінше, аталған заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 АҚШ доллар, 2026-2027 жылдары барреліне 41 – 39,4 АҚШ доллары деңгейінде белгіленді. 

«Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2025-2027 жылдарға жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды. Осы уақыт аралығында Ұлттық қордың таза валюталық активтері болжам бойынша 2025 жылы 62,2 млрд АҚШ доллар, 2026-2027 жылдаы 69,9 – 78,7 млрд АҚШ доллар қарастырылды», - деді министр. 

Оның айтуынша, заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде