{metadescription}
ДДҰ: Өткен жылы әлемде 8,5 миллион адам туберкулезбен ауырған

ДДҰ: Өткен жылы әлемде 8,5 миллион адам туберкулезбен ауырған

БҰҰ ресми сайтының хабарлауынша, 29 қазанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) «2024 жылғы жаһандық туберкулез туралы есепті» жариялады.

Есеп деректеріне сәйкес, 2023 жылы әлем бойынша туберкулезбен алғаш рет ауырғандардың саны 8,5 миллионға жетіп, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскенін көрсетті (2022 жылы 7,5 миллион адам тіркелген). Жалпы туберкулезбен ауырғандар саны 10,8 миллион адамды құраса, туберкулезден көз жұмғандардың саны 1,25 миллионға жеткен.

Есепте әлемдегі туберкулезбен ауыратындардың 55%-ы ер адамдар екені, әйелдердің үлесі 33%-ды, ал балалар мен жасөспірімдер 12%-ды құрайтыны айтылған. 

Туберкулездің таралуы негізінен бес негізгі қауіп факторының әсерінен өскен: дұрыс тамақтанбау, АИТВ-инфекциясы, алкогольге тәуелділік, темекі шегу және қант диабеті.

Орташа және төмен табысты елдерде туберкулезбен ауыратын отбасылардың шамамен жартысы диагноз бен емдеуге кеткен шығындардың отбасылық жылдық кірістің 20%-ынан асатынын алғаш рет есептеген.

Есепте 2023 жылы жаһандық туберкулездің алдын алу және емдеу үшін қаражаттың айтарлықтай азайғаны және жоспарланған деңгейден әлдеқайда төмен екені атап өтілген. 

Туберкулезге қатысты жүктеменің 98%-ын көтеретін орташа және төмен табысты елдерде қаржы тапшылығы үлкен мәселе болып тұр. Сондай-ақ, туберкулезге қатысты зерттеу жұмыстарына жеткіліксіз қаржы бөлінгендіктен, жаңа диагностикалық құралдар, дәрі-дәрмектер мен вакциналарды дамытуға кедергі жасалып отыр.

ДДҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус туберкулездің алдын алу, анықтау және емдеу бойынша құралдар қолжетімді бола тұра, аурудың әлі де көп адамның өмірін қиып жатқанына алаңдаушылық білдірді. Ол барлық елдерді туберкулезді жоюға міндеттемелерін орындауға шақырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде