{metadescription}
Қор нарығында доллар арзандады

Қор нарығында доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,90 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 488,45 теңге.

Ұлттық банктің 30 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 491,70 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,07 теңге. Еуро – 531,28. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 487,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 489,7 теңге. Еуро 528 – 532,5 теңге аралығында құбылып тұр. 

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 487 теңге, сатып алу құны – 492 теңге.Еуро 526 теңгеден сатылып, 532 теңгеден сатып алынады. 

Ресей рублі 4,97 - 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде