{metadescription}
ШҚО-да 19 адам алаяққа 30 млн теңге берген

ШҚО-да 19 адам алаяққа 30 млн теңге берген

Шығыс Қазақстан облысында арзанға қант жеткізіп беремін деп 19 адамды алдап соққан әйел ұсталды.

Тәртіп сақшыларына хабарласқан облыс тұрғындары алаяққа алданып қалғандарын жеткізген. Жедел-іздестіру шаралары барысында 31 жастағы әйел адам ұсталды.

«Белгілі болғандай, ол арзанға қант жеткізіп беретіндігін айтып, ақшаны алдын ала беру қажеттігін айтқан. Бұған сенген 19 адам ақшаны бере салған. Әйел мүлде хабарсыз кеткенде ғана алданып қалғандарын түсінді. Оларға келтірілген материалдық залал мөлшері 30 млн теңгені құрап отыр», — делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үй қамаққа алынған күдіктінің бұрын ашылмаған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде