Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан нәрестенің денесі табылды
Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында қараусыз қалған ғимараттан ұл баланың денесі табылды.
20:16 30.10.2024
Аталған дерек бойынша, Алматы облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
«Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды. Қазір әйел ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес аталған іске қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!