Өскеменде әйелді пойыз қағып кетті
Өскемен қаласында әйел адамды пойыз қағып кетті. Қазір оқыс оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.
18:12 31.10.2024
Көліктегі полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға қала іргесінде орналасқан Защита ықшамауданындағы «Өскемен-1» станциясында болған.
«Жүк пойызы белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 40 жастағы әйелді қағып кетті», - делінген ақпаратта.
Әйел адам түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!