{metadescription}
Алкоголь өндіретін 123 жасырын цех анықталды

Алкоголь өндіретін 123 жасырын цех анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігінде мен «Атамекен» ҰКП акцизделетін өнімдердің көлеңкелі айналымына қарсы күресті күшейтеді, деп хабарлайды аталған агенттіктің баспасөз қызметі.

Акцизделетін өнімдердің (алкоголь өнімдері) көлеңкелі айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен дөңгелек үстел барысында талқыланды. Шараға Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері, мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов пен ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров, «Қазалкотабак» және «QazSpirits» қауымдастықтарының өкілдері қатысты, деп жазады kazinform.

Қаржылық мониторинг агенттігі соңғы 4 жылда (2021-2024 жж.) алкоголь өнімінің заңсыз айналымына байланысты 282 қылмысты тіркеді. Суррогат алкоголь өндіретін 123 жасырын цех анықталып, 3,3 млн-нан астам бөтелке, 720 мың литр спирт және құрамында спирті бар сұйықтық, 640 мың жалған ЕБМ тәркіленді.

Нәтижесінде, қауіпті өнім тұтынушыларға қауіп төндіріп, бюджетке акциздік алымдардың түспей, адал кәсіпкерлерге зиян келтіріледі. Алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымына қарсы тұруға бағытталған ҚМА ұсынатын шаралардың бірі — 2026 жылға жоспарланған таңбалау мен қадағалауды енгізуді жеделдету, сондай-ақ бүкіл өндіріс процесін цифрландыру болып табылады.

Шақырылған қатысушылар Агенттіктің адал кәсіпкерлерді қорғау бойынша атқарылған жұмысты, сондай-ақ талдамалық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын алдын алу қызметін атап өтіп, айтылған ұсыныстарды одан әрі іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде