{metadescription}
Мойынқұмда 12 жастағы қыздың зорлануы: Екінші күдікті ұсталды

Мойынқұмда 12 жастағы қыздың зорлануы: Екінші күдікті ұсталды

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында 12 жастағы қызды алты жыл бойы зорлап келді деп күдікке ілінген екі ағайындының екеуі де ұсталды.

Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті таратты.

«Мойынқұм ауданының аумағында ҚК 120-бабы 4-бөлігі (жас балаға қатысты зорлау әрекетін жасау) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде болған ер адам ұсталды. Ол Шу ауданынан 60 шақырым жердегі шаруа қожалығынан табылды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген Жамбыл облысы полиция хабарламасында.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде