Алматыда заңсыз салынған техникалық қызмет көрсету орталығы бұзылды
Алматыда Розыбақиев көшесі, 63 мекенжайында ірі күрделі құрылыс бұзылды. Меншік иесі нысанды рұқсатсыз салған.
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
13:45 01.11.2024
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы ірі техникалық қызмет көрсету орталығы бұзылып жатқанын мәлімдеді. Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында басқарма «АҚЖОЛ» ЖШС иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдап, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген.
Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, осы жылдың 13 қыркүйегінде басқарма Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу туралы талап-арыз жіберді. Сот процесі аяқталмаса да, нысанның иесі нысанды өз еркімен бұза бастады.
Дерекөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!