{metadescription}
Елімізде жүк тасымалдау тарифтері қымбаттады

Елімізде жүк тасымалдау тарифтері қымбаттады

Қазақстанда жүк тасымалдау тарифтері өткен жылмен салыстырғанда 3,8% өсті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Жыл басынан бері қаңтар-қазан аралығында жүк тасымалдау тарифтері (2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда) 3,8% өсті.

Атап айтқанда, автотасымалдау құны 1,6% өсті. Автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау 1,3% қымбаттады, ішкі автотасымалдар - 1,8% өсті.

Әуе жүк тасымалы жыл басынан бері 2% қымбаттады, оның ішінде халықаралық жүк тасымалы 2,3%, республикаішілік әуе жүк тасымалы 1,4% қымбаттады.

Халықаралық қатынаста теңіз жүк тасымалы тарифтері 9,1% өсті.

Сонымен қатар құбыр арқылы тасымалдау 2,4% қымбаттады, оның ішінде шикі мұнайды жеткізу тарифтері 4,1% көтерілді.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде