{metadescription}
Пойыз бен көліктің соқтығысуы: тергеу амалдары басталды

Пойыз бен көліктің соқтығысуы: тергеу амалдары басталды

Ақмола облысы полиция департаменті жеңіл автокөлік пен локомотивтің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Бұған дейін анықталғандай, 31 қазанда сағат 22.30 шамасында «Ауди В4» автокөлігінің жүргізушісі «Степногорск – Заводской» тас жолымен келе жатып, бір жолды теміржол өткелінде бос тұрған үш цистернасы бар локомотивке соғылды. 

Жол-көлік апаты салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, екі жолаушы ауруханада көз жұмды, тағы үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Степногорск қаласының ауруханасына жеткізілді. 

Қазіргі уақытта тергеу аясында жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде