{metadescription}
Батыс Қазақстанда екі ер адам жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстанда екі ер адам жол апатынан қаза тапты

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 қараша күні Бәйтерек ауданы аумағында болды.

«Шамамен сағат 08.00-де Орал-Озинки жолының 95-шақырымында жүргізуші „Тойота Гранвия“ автокөлігінің руліне ие бола алмай қалған. Содан автокөлік аударылған. Оқиға орнында 58 жастағы жүргізуші мен 1960 жылғы ер адам көз жұмды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, автокөлікте белгілі кәсіпкер Владимир Охватов ағасымен бірге болған.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде