Су тасқынынан 28 жастағы футболшы көз жұмды
Су тасқыны салдарынан «Валенсияның» 28 жастағы тәрбиеленушісі қаза тапты. Хосе Кастильехо «Дана» дауылы мен Валенсия провинциясындағы су тасқынының құрбаны болды, деп жазады Football24 сайты.
Фото: Football24
15:37 01.11.2024
Соңғы мәліметтерге қарағанда, оқиғадан кемінде 158 адам қаза тапқан. Валенсияның кейбір аудандарында су тасқыны салдарынан электр қуаты мен байланыс үзіліп, көпірлер қирап қалды.
Валенсия ойыншысы 1996 жылы дүниеге келген. «Валенсия» академиясынан кейін Испанияның төменгі дивизионындағы клубтарда өнер көрсетті. Хосе мансабында «Аликанте», «Элденсе», «Патерна», «Бунол», «Рекамбос Колон», «Рода» және басқа да клубтарда ойнаған.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!