{metadescription}
Мемлекет басшысы Франция елшісін қабылдады

Мемлекет басшысы Франция елшісін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция елшісін жаңа қызметімен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы екіжақты қатынастардың өте белсенді даму кезеңімен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен арадағы ынтымақтастықты жан-жақты тереңдетуге ниетті екенін жеткізіп, елші Сильван Гиогенің жауапты қызметіне табыс тіледі.

Кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы уақытта Франция Республикасына жасайтын мемлекеттік сапарының жай-жапсары талқыланды.

Президент аталған сапар Астана мен Париж арасындағы байланыстардың келешегін айқындап, қазақ-француз стратегиялық серіктестігінің нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде